«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 1,2 млрд теңге айыппұл төлейді

17 апреля 2023 г. 18:11 / Новости Казахстана
Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ салық көлемін 20%-ға төмендеткені анықталды. Осыған байланысты 1,2 млрд теңге айыппүл салынды, деп хабарлайды Arbat.media Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткен.

Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды. Осы жылдың наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын. Сол кезде бюджетке 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді. 2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асты.

Автор
Новости партнеров