Ақтөбеде екі адамның өмірін қиған күдікті екі аптадан соң табылды
Ақтөбе облысында полицейлер қос адамды өлтірген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.
29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылған еді. Отбасының 13 жастағы қызы облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жеткізілген.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады, - деді Ақтөбе облыстық ПД КПБ бастығы Мұрат Ауғалиев
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат әзірге жарияланбайды.