Ақтөбе облысының бұрынғы әкімін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

10 апреля 2023 г. 14:08 / Новости Казахстана

"Ақтөбе" ӘКК-нің бұрынғы төрағасы Ермек Имантаев қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол осыдан жиырма жыл бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған, деп хабарлайды Arbat.media.

Ермек Имантаев 10 ақпанда екі айға қамауға алынды. Өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеунікті қамауда ұстау мерзімі ұзартылып отыр. 

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін және 199,4 миллион теңге көлемінде мемлекетке залал келтіріп, үлескер тұлғаларға жер учаскесін төмен бағамен заңсыз сатқан деп айыпталып отыр. 

Айыпталған бап бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деді Антикордың өңірдегі департаментінің баспасөз қызметі. 

Ермек Имантаев 2002 жылдың сәуірінен 2004 жылдың шілдесіне дейін Ақтөбе облысының әкімі болған еді. Кейін ол ҚР президенті әкімшілігінде, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеді. 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурыз айына дейін "Ақтөбе" ӘКК басқарған.

Автор
Новости партнеров