Ақтөбе облысында кең орнында жарылыстан бір адам зардап шекті

15 июня 2023 г. 17:25 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысында кәріз-сорғы стансасында газ қосындысы атылып, оператор әйелдің денесін күйік шалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алдын ала болжам бойынша,  Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы кен орнында әйел адам есікті ашып, сіріңке жаққан.   

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға 14 маусымда сағат 22:55-те болды.

Кеңқияқ ауылдық ауруханасына «Кеңқияқ-СК» КМК кәріз-сорғы стансасында жұмыс істейтін оператордың күйік шалып түскен.

Оператор кәріз жинау бекетінің есігін алып, сіріңке тұтатқан. Күйік шалған кезде бірден күйеуіне хабарласып, ол ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде кәріз стансасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша оқиғаның себебі – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы. Науқастың денесінің 90-95% күйік шалған. Кеңқияқ ауылдық ауруханасы алғашқы көмек көрсетті. Ал түнде әйелді санавиациямен облыс орталығына жеткізді», - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан ақпаратта. 

 

Автор
Новости партнеров