Ақтауда жаяу адамды көлік қағып жазым қылды

6 июня 2023 г. 15:24 / Новости Казахстана

Ақтауда кешкілік қала ішіндегі жолдағы жаяу жүргіншілер жолағында жеңіл көлік адам қағып, оқиға орнында мерт қылды, деп хабарлайды Arbat.media.

МО полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 маусым күні кешкі сағат 23:30 шамасында болған. 28А шағын ауданындағы 6 үйге қарама-қарсы жол-көлік оқиғасы болғанын куәгерлер хабарлаған. 

 "Ваз2115" автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 35-40 жас аралығындағы ер адамды қағып кеткен. Апат салдарынан жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды, - деді ПД баспасөз қызметі.

 Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Сондай-ақ, марқұмның жеке басына қатысты дерек әлі анықталған жоқ.

Автор
Новости партнеров