Ақтауда төбесіне жиһаз құлаған адам сал болып қалуы мүмкін

16 января 2023 г. 17:47 / Новости Казахстана

Ақтауда көқабатты үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамның төбесінен жиһаз құлады. Көп ұзамай жедел жәрдем қызметі 39 жастағы ер адамды ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға өткен аптаның жұма күні болған. Қаладағы көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан белгісіз біреу диванның бір бөлігін төменге лақтырған. Жоғарыдан құлаған жиһаз үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен.

- Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасының сынып, жұлыннан ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Ол толық сал ауруы болуы мүмкін. Дәрігерлер жақын арада оның денсаулығына қатысты жағдайға толық баға бертін болады, - деп пікір білдірді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі. 

Аталған оқиға 12 қаңтар күні сағат 13:00-деқаладағы 11 шағынаудандағы 41 үйде болған. Әзірге диванның бір бөлігін лақтырған тұрғынға қандай шара қолданылғаны белгісіз. 

Автор
Новости партнеров