Ақтауда перзентханадан баласын той жасап шығарып алатындарға дәрігерлер үндеу жолдады
13 апреля 2023 г. 22:14 / Новости Казахстана
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы ғимараттың кіре берісінде дүниеге келген сәбилерді үйге шығару рәсімін шоуға ұластырып жүрген тұрғындарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған жағдай мекемеге қызметкерлері сәбилі болғандар әулеттерден мерекелік шараны ғимарат маңынан аулаққа барып жасауды сұрап отыр.
Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы ғимаратының кіре беріс алдында сәбилерді үйге шығару шарасы шоуға айналды десек болады. Күнде сағат 14.00-ден бастап жұмыс аяғына дейін орталық алды тойдағыдай у-шу, би, қымбат көліктер, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларға толып, тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек те қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес, думан той күнде жалғасып жатыр. Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, баян, домбыра, әншілерді, аниматорларды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып отыр, - дейді перинатальдық орталығының дәрігерлері.
Мекеме қызметкерлері шулаған көпшіліктің арнайы аппаратта жатқан сәбилердің тыныштығын бұзатынын айтып отыр.
Біздің орталық – медициналық мекеме. Мұнда тек қуаныш қана емес, басқа да жағдайлар болып жатады. Бір аналар сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі жансақтау бөлімінде өмір үшін күресуде. Әсіресе жетілмеген салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы медициналық құрылғыларда оңалтудан өтіп жатқан сәбилерге аса қажетті тыныштық жағдайдың бұзылуына әкеп соғады. Музыканың үні дауыс күшейткіші арқылы қатты шығады және ол барлық бөлімдерге анық естіледі. Шулы жағдай медицина қызметкерлерінің жұмыстарына да кедергі келтіруде. Орталық ғимараты типтік жобамен салынған, сәбилерді шығаруға бөлек, басқа орын қарастыру мүмкіндігі жоқ, - дейді орталық мамандары.
Перинатальдық орталығының дәрігерлері перзентхананың алдында той-думан ұйымдастырмай-ақ тек шығарып алуға 2-3 жақын адамдары келсе жеткілікті екенін айтады.
22 ноября 2024 г. 7:00 / Новости Казахстана
Казахстан готовится к ухудшению погоды: снег, дождь и сильный ветер ожидаются 22 ноября
22 ноября 2024 г. 5:24 / Новости Казахстана
400 камер видеонаблюдения около мусорок установят в Алматы
22 ноября 2024 г. 1:28 / Новости Казахстана
Токаев поручил усилить меры безопасности в Казахстане из-за ситуации вокруг Украины
22 ноября 2024 г. 0:11 / Новости Казахстана
Выделять больше денег в регионы, предложили в Сенате
21 ноября 2024 г. 18:04 / Новости Казахстана
С Байконура в космос отправился грузовой корабль «Прогресс МС-29»
21 ноября 2024 г. 17:40 / Новости Казахстана