Ақтауда мектеп мұғалімі сабақ үстінде оқушыны ұра жаздады

21 февраля 2023 г. 22:05 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы №1 мектепте сабақ үстінде мұғалім мен оқушы сөзге келгені туралы бейнежазба тарады. Аталған оқиғадан кейін облыстық білім басқармасы тексеру жүргізді, деп хабарлайды  Arbat.media.

Бейнежазбада математика пәні мұғалінің оқушыға бірнеше рет қол сермеп, ұруға оқталғаны анық байқалады. Аталған мұғалім бес жылдан бері білім ошағында сабақ беріп келе жатқаны анықталды.  Сонымен бірге ұстаздың оқушыға балаға бірнеше рет балағат сөз айтқаны белгілі болды.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының мектепте математика пәні мұғалімінің әрекетіне қатысты түсініктеме берді.  Аталған  мәселе бойынша жиналыс өтіп, ұстаз өз кінәсін мойындады. Осы ретте баланың ата-анасынан кешірім сұрады.  ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес,  мұғалімге «сөгіс», мектеп директорына «ескертпе» берілді.  Алдағы уақытта келеңсіз жағдайлардың қайталанбауы үшін мектеп әкімшілігіне қатаң ескертілді», - деді  МО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Автор
Новости партнеров