Ақтауда атыстан кейін екі адам ұсталды

17 мая 2023 г. 16:15 / Новости Казахстана

 Ақтауда түн ішінде атыс болып, екі адамды полиция қолға түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.

16 мамыр күні сағат 00.37 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласының 16 шағын ауданында  белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атқаны туралы шақырту келіп түскен. Маңғыстау облыстық ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып,, ол жақтан атыс гильзалары тәркілеген. 

Сонымен қатар, тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды. Аталмыш дерек бойынша 20 және 22 жастағы күдіктілер анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді, - деді МО ПД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Автор
Новости партнеров