Ақмола облысында АҚШ азаматының мүлкі сот шешімімен мемлекет иелігіне өтті

5 июня 2023 г. 20:10 / Новости Казахстана
Ақмола облысында АҚШ азаматының иелігінде мүлік мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

 Қылмыстық істі тергеу аясында облыстың арнайы прокурорларының өтініші бойынша шетелік азаматтың мүлкі тәркілгеніп отыр. Тергеу кезінде Бурабай көлінің жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен «Лексус» маркалы автокөлікті заңсыз сатып алғаны белгілі болған. 

АҚШ азаматы "Г.Ю.А." клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдікке ілініп отыр. Сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды, деп жазылған Ақмола облысының прокуратурасы таратқан мәліметте. 

Кейін ол аталған ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 миллион теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатпақ болған. «Г.Ю.А.» 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан сыртқа өтіп кеткен. Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, халықаралық іздеу  жарияланды. 

Сондай-ақ, Ақмола облыстық сотының 02.06.2023 жылғы қаулысымен мемлекет пайдасына жоғарыда аталған мүлік тәркіленген. Бұдан бөлек, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотқа жолданып, күдікке ілінгендер қамауға алынған. 

 


 

 
 
 
 
Автор
Новости партнеров