Ақмола облысында әйел адам телефон арқылы алданып 6 млн теңгесінен айырылды

13 июня 2023 г. 14:35 / Новости Казахстана

Көкшетау полицейлері қылмыстық схемаға қатысушылардың бірін ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, алаяқтықты тікелей ұйымдастырушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.  Жергілікті ЖШС бірінің басшысына үрейлі қоңырау 9 маусым күні түсіп, хабарласқан әйел өзін Алматы қаласынан, тергеуші ретінде таныстырып, ақмолалыққа оның келіні оңтүстік астанада жол-көлік оқиғасын жасап, зардап шеккендердің барын хабарлаған.

Жалған тергеуші сенімділік үшін тіпті телефон тұтқасын “келініне” беріп, ол жылап енесінен ауруханада жатқан зардап шеккендерге көмектесу үшін 6 млн теңге аударуды сұраған. Үрейленген әйел дауыстан туысы емес екенін аңғармаған. Барлық жағдайларды нақтылау үшін оған қайта қоңырау шалмағаны анықталды. 

Әрі қарай, алаяқтар жәбірленушіні “басқарып”, қолма-қол ақшаны алу және оны алған сыбайласына беру туралы нұсқаулар берген. Қорыққан әйелді алдау оңай екендігін түсінген олар тағы 50 мың АҚШ долларын сұраған. Алайда әйелде мұндай сомада ақша болмаған. 6 млн теңге көлеміндегі барлық соманы бергеннен кейін ғана әйел апаттан зардап шеккендердің жай-күйі туралы білу үшін келініне қоңырау шалған.

Алайда келіні ешқандай апатқа ұшырамағанын және қайын енесіне қоңырау шалмағанын айтқан. Жәбірленуші алаяқтық туралы Көкшетау қаласының полиция басқармасына дереу хабарлады.

Келіп түскен өтінішке дереу әрекет етіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастыра отырып, сол күні полицейлер қатысушылардың бірін ұстады. Қолма-қол ақшаның бір бөлігі бірден тәркіленді. Ұсталған адамның айғақтарына сәйкес, ол басқа бөлігін алдамшы схеманы ұйымдастырушыларға беріп үлгерген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

 

Автор
Новости партнеров