"Ақ жол" партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының есімі жария болды

28 марта 2023 г. 1:09 / Новости Казахстана

"Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумында Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Партияның басқосуында Мәжілістің депутаттық алты мандаты кандидаттарға жүктелді. Олардың төртеуі өткен шақырылымда депутат болған тұлғалар. 

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас кәсіпкер, "BIGLIFE" ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы - қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – кәсіпкер, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша ОСК "Ақ жол" партиясы дауыс берушілердің 8,41 қолдауына ие болғанын мәлімдеген болатын. Соның нәтижесінде "Ақ жол" партиясының үміткерлері Мәжілістің 6 депутаттық мандатына ие болып отыр. 

Автор
Новости партнеров