Алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа өткізген жетісайлық әйел 4 млн теңгені иелініп кетті
Түркістан облысында алаяқ алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген, деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірге қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түскен. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 миллион теңге шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынып, жергілікті тұрғын анықталған.
Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан, -деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.