"Алтын орда" базарынан "ақша жинады" деп айыпталған полиция қызметкерлері сотталды

17 февраля 2023 г. 16:41 / Новости Казахстана

"Алтын орда" базарында саудагерлерден заңсыз түрде ақша жинаған полицей қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетовт былтыр полицейлердің базарда заңсыз ақша жинаумен айналысқанын мәлімеді.  

Ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, "Алтын орда" базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинап отырған. Осыдан кейін сауда орнында наразылықпен қатар түрлі әлеуметтік шиеленіс жағдайы туындағаны анықталды. 

Полицейлердің бірі атыс қаруын қолдану арқылы антикор қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен 3 учаскелік полиция инспекторының 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді, - дейді Серік Орымбетов.

Бұған дейін Arbat.media "Алтын орда" базарының басшыларына іздеу салынғаны туралы жазған болатын. Бұрын Болат Назарбаевқа тиесілі болған "Алтын Орда" базарының басшылығына қатысы бар төрт адамға алаяқтық туралы айыпталып, оларға халықаралық іздеуде жарияланғаны айтылды. 

 

Автор
Новости партнеров