Алматыдан 580 шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді
Алматы қаласынан 580 шақырым қашықтықта жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісінің тіркелгенін мәлімдеді. Жердің дүмпуі 30 наурыз күні сағат 08:22-де болған.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 580 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан аумақта болды. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.1. Эпиорталық координаттары – 40.75° с.е. және 83.07° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ, - деді сейсмикалық станциялар желісінің өкілі.
Осыған дейін Алматы мен Шымкентте жер асты қабаттарының дүмпуі сезілген болатын. Сонымен бірге, Жамбыл облысында жер сіл сілкінгені тұрғындарға анық байқалды.