Алматыдан 550 шақырым жерде сілкінді
Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде жер сілкінісінің дүмпуі сезілді, деп хабарлайды Arbat.media.
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы Алматы уақытымен сағат 13:53-те жер сілкінісі болғанын мәлімдеді.
Аталған жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 550 шақырым жерде орын алған. Бұл жер Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологиялық жағдайдың энергетикалық санаты – 10.1, магнитудасы – 4.2 балды құрады. Ал дүмпу болған тереңдігі 10 шақырымнан асады.
Кеше Маңғыстау облысында бірнеше елдімекенде жер сілкінісі болғаны байқалды. Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның деректері бойынша сағат 13:24-те өңірдің Қызан және Тұщықұдық ауылдарында магнитудасы 2-3 балл болатын жер сілкінісі сезілді. Наурыз айының соңында Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Сонымен бірге, еліміздің оңтүстік облыстарында сейсмикалық жағдай тіркелді.