Алматыда жол үстінде көлікпен ит серуендеткен азаматты қандай жаза күтіп тұр?

8 декабря 2022 г. 18:42 / Новости Казахстана

Алматы көшелерінде көлігімен ит жетектеген жүргізуші кептелісте жұрт назарына ілікті, деп хабарлайды arbat.media.

Кешкілік қала ішіндегі кептелісте қазақ төбетін көлігіне "тіркеп" алған алматылықтың әрекеті заң органдарының шара қолдануына сұранып-ақ тұр. Жұмыстан кейін үйіне қайтып бара жатып кептеліске тап болғандар арасында уақытты "тиімді" пайдаланғысы келген жүргізуші итін жол үстінде серуендетуді жөн көрген сыңайлы.

Таяуда Парламентте депутаттар қазақ ит тұқымдарын сақтау және көбейту мәселелері бойынша заң жобасының түзетулерін мақұлдаған болатын.

Бұл заң жобасы қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын сақтау және көбейту мақсатында әзірленген. Қазақы ит тұқымдарын сақтау, қорғау мен дамыту саласын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру үшін жасалған заң Алматыда итін жолда көлікпен серуендеткендерді қандай шара қолдануы мүмкін?! 

Автор
Новости партнеров