Алматыда жарымжан жандарды қолдауға 13,2 млрд теңге бөлінді

30 сентября 2023 г. 10:20 / Новости Казахстана

Алматыда биыл әлеуметтік көмек шараларымен 52 мыңнан астам адам қамтылды және оларға 3,7 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматыдағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов: 

Алматыда 56 мыңнан астам мүгедек адам тұрады. Оның 8 930–ы 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар. Әлеуметтік көмек шараларымен 52 мыңнан астам адам қамтылды және оларға 3,7 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде 20 мыңнан астам зейнеткерге 1,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.

Басқармаға қарасты 10 медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедектерге, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.

Азаматтардың сегіз санаты (зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар) коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты ай сайын 0,5 АЕК немесе 1725 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алады. Қазіргі уақытта бұл көмек түріне 107 мыңнан астам адам жүгінген.

Автор
Новости партнеров