Алматыда заңсыз салынған мейрамхана нысаны бұзылды

13 апреля 2023 г. 21:05 / Новости Казахстана

Алматыда рұқсатсыз салынған мейрамхана нысаны қайтадан сүріліп жатыр, деп хабарлайды  Arbat.media.

Қалалық құрылысты бақылау басқармасы  тексеру барысында Наурызбай ауданы «Ақжар» шағын ауданындағы мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтаған. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілген.

Белгілі мерзім өткен соң, меншік иесі ұсыным талаптарын орындамағаны белгілі болды. Осыдан соң басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз түсірді. 

2022 жылы 26 тамызында сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Дегенмен, жауапкер апелляциялық шағым берді. 2022 жылдың 19 қазанында қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Бүгін, яғни, 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады», - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Алматыда көпқабатты тұрғынүйлерге қосымша салынған құрылыстар мен тамақтану терассаларының бұзылатыны айтылған. 

Автор
Новости партнеров