Алматыда үйдің ауласында орналасқан дүкен өртенді

25 сентября 2023 г. 10:39 / Новости Казахстана

Алматыда үйдің ауласында орналасқан дүкен өртенді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 25 қыркүйек, түнгі сағат 02:29 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 118 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан құрылыс дүкені өртеніп, жалын үйдің шатырына таралып үлгерген. Қызыл жалын 290 шаршы метр аумақты шарпыды», – деп мәлім етті департаменттен.

Өрт 03:04-те оқшауланып, 03:51-де толық сөндірілді. 

Өрт сөндірушілер оңтүстік және солтүстік жағында орналасқан екі жеке тұрғын үйді оттан қорғап қалды», – деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт кезінде өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қолынан жарақат алған. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Автор
Новости партнеров