Алматыда төбелескен олигархтың балаларына қатысты іс тергеліп жатыр
Алматыда клубта сөзге келген олигархтардың балаларының арасындағы төбелеске қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Желіде кеңінен таралған бейнежазбада Алматыдағы караоке-бардың бірінде ер адамдардың арасында жанжал туындаған. Ал олардың арасында түсініспеушіліктің туындауына еліміздегі белгілі кәсіпкердің ұлдары мен оққағалары ұлдары себеп болуы мүмкін.
Бұл дерек қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Төбелескендер анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді ІІМ ресми телеграм-арнасында.
Қазір аталған қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Arbat.media. бұған дейін Алматыда төбелескен туралы жазған болатын. Онда клуб ішінде төбелескендер бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді.