Алматыда қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген азамат ұсталды

30 мая 2023 г. 15:41 / Новости Казахстана

Алматыда презентация кезінде қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ретінде күдікке ілінген азамат ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

«Hit beat music» деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті бастағанын мәлімдеді. Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.

«Hit beat music» (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды, - деді ҚМА-ның баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, «Hit beat music» (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ. Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі. Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асып отыр. 

Қазіргі уақытта «Hit beat music» ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

 

Автор
Новости партнеров