Алматы облысында пойызға тас лақтырған тұрғын ұсталды

17 мая 2023 г. 13:05 / Новости Казахстана

Алматы облысында ер адам темір жолдың тыйым салынған аймағынан кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түскені белглі болды. Соның салдарынан пойыз 7 минутке дейін аялдаған.

Құқықбұзушы азамат Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
Кейін іздестіру барысында Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданғаны айтылды. 

Автор
Новости партнеров