Алматы облысында Forbes тізіміндегі кәсіпкерге берілген жайылымдық жер қайтарылды

16 июня 2023 г. 16:42 / Новости Казахстана

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жерді қайтарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тексеру кезінде 2017 жылы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге оларды шалғайдағы мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілгені анықталды. 

Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру деректерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн.теңге мемлекет пайдасына қайтарылған. 

​Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған. Сондай-ақ, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған көрінеді. 

 

Автор
Новости партнеров