Алматы облысында екі жасар сәбидің өліміне анасы күтушіні кінәлап отыр

6 апреля 2023 г. 19:33 / Новости Казахстана

Алматы облысын ата-насы күтушіге қалдырған екі жасар бала оқыстан қайтыс болды, - деп хабарлайды arbat.media.

Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 наурыз күні Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне әйел адамнан арыз түсірген. Анасы екі жасар баласын 30 жастағы күтушіге қалдырған уақытта қайтыс болған. Енді баласыз қалған ана күтушіге шара қолдануды сұрап отыр. 

"Бала күтуші азаматша Ш. табыс табу мақсатында 5-6 ай бойы осы отбасында бала күтуші ретінде жұмыс істеген. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша тіркелді. 26 наурызда қылмыстық құқық бұзушылықты "кісі өлтіру" қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

Бүгін Талғар ауданының прокуратурасына полиция басқармасының тергеушісінен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішхат жолданды. Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, оны қарау үшін тергеу сотына жіберген. 

Қазіргі уақытта күтушінің қарауындағы уақытта қайтыс болған баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Енды оған қатысты сараптама жұмыстары тағайындалды.

 

Автор
Новости партнеров