Алматы облысында балабақша тәрбиеленушісіне қол көтерген қызметкер жұмыстан шығып кетті
5 июня 2023 г. 19:35 / Новости Казахстана
Алматы облысы балабақша тәрбиеленушісіне қол көтерген жаттықтырушы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласындағы "Айжан" бөбекжай балабақшасындағы жағдайдан кейін каратэ жаттықтырушысының әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
26 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Айжан" бөбекжай балабақшасының "Жалын" тобының тәрбиеленушісінің ата-анасынынан шағым түсті. Каратэ нұсқаушысы баласын жұлқылауына байланысты ұрды деп ауызша шағымданған. Балабақшаның спорт залында орналастырылған бейне бақылауды қараған кезде каратэ нұсқаушысы жаттығу барысында балаларды қолымен нұқып, аяғымен түртіп, жұлқылағаны анықталды, - деп жазылған облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Балабақша қызметкерлеріне арасында жиын болып, каратэ нұсқаушысы өзінің әрекетіне байланысты түсініктеме жазған. Оған педагогикалық әдеп нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін "қатаң сөгіс" жарияланғаннан кейін ол өз еркімен өтініш жазып, жұмыстан шығып кеткен.
Сондай-ақ, тәрбиеленуші баланың ата-анасы осы оқиғадан кейін полицияға шағым түсірген. Қазір аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстары басталған.
9 октября 2026 г. 13:52 / Новости Казахстана
В Казахстан заходит грузовая авиакомпания из Дубая
9 октября 2026 г. 10:26 / Новости Казахстана
Казахстанцам предложили открыть доступ к базовой медпомощи независимо от статуса ОСМС
8 октября 2026 г. 15:50 / Новости Казахстана
Токаев предложил увеличить торговлю между странами Центральной Азии и Азербайджаном до $20 млрд
8 октября 2026 г. 15:45 / Новости Казахстана
BE WOMAN ASIA 2026: Алматы станет точкой глобального диалога о будущем в эпоху ИИ
8 октября 2026 г. 11:27 / Новости Казахстана
В Казахстане утвердили условия назначения десяти пособий
8 октября 2026 г. 10:39 / Новости Казахстана