Алматы облысында ауыл жолын кеңейткен тұрғынға 70 мың теңге айыппұл салынды

13 июля 2023 г. 19:46 / Новости Казахстана

Алматы облысында жолды өз еркімен кеңейткен белсендіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.media Almaty.tv 

67 жастағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны өз үйінің алдындағы жолды кеңейтемін деп басы дауға қалды. Оның өз еркімен шешім қабылдауы жергілікті биліктің 70 мың теңге айыппұл салуымен аяқталды.  

Шенеуніктер болса зейнеткердің жолды салу кезінде барлық қоқыстарды сол жерге төккенін айтып отыр. Бірінші ретте әкімдік мамандары зейнеткерге ескерту жасаған. Адайжа қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында айыппұл салған. 

Бетон араластырғышты өткізу үшін ол қауіпсіздікті сақтамай, газ құбырын көтерген. Егерсол жерде құбыр тесіліп кетсе, құдай сақтасын, не болар еді. Бізге газдың ағуы туралы ескертілді, содан кейін біз оған айыппұл салдық. Ол кісі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың қолдап қол қоюын өзі жазып шыққан, - дейді Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев.

Автор
Новости партнеров