Алматы басы кесілген әйел адамның денесі табылды

12 апреля 2023 г. 21:28 / Новости Казахстана

Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін таңертең сағат 08:40-та Алматыдағы Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексергеннен кейін әйелдің мәйітінің басы кесілгені анықталды. Марқұмның жеке басы анықталып, қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

1976 жылы туған әйел адамның тұрақты тұрғылықты жері жоқ. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер

Қазіргі уақытта қылмыстық істің өзге де мәліметтері тергеу мүддесіне байланысты жарияланған жоқ. 

Автор
Новости партнеров