Алматы әуежайында масаң күйдегі Ресейдің екі азаматы ұшақтан түсірілді

24 марта 2023 г. 23:34 / Новости Казахстана

Алматы әуежайында алкоголь өнімін тұтынған масаң күйдегі ресейлік қос азамат ұшақтан түсірілді, – деп хабарлайды Arbat.media 

Polisia.kz-тің жазуынша, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуеакомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы тапсырылған.

Оның айтуынша, ер адамдар Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өздерін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйде болған 34 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша олар “орташа” және “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болған.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 12 539 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 1429 адам, ұсақ бұзақылық үшін 179 адам жауапқа тартылған.

 

Автор
Новости партнеров