Алматы-Атырау пойызында жолсеріктер әйел адамды босандырып алды

21 июня 2023 г. 16:07 / Новости Казахстана

Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының бригада мүшелері жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Arbat.media "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 маусымда болған оқиға кезінде Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының бригада мүшелері Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болған.

Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданғанын атады. Ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Ұл баланың өмірге келуіне жолаушылар да көмектескені белгілі болды. 

Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді, - дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.

Сағыз стансасына жеткенде жаңа туған нәрестемен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылағны белгілі болды. 

Автор
Новости партнеров