Әлихан Смайылов Жаңаөзендегі еңбек дауларына қатысты жауап берді

9 июня 2023 г. 16:19 / Новости Казахстана

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов депутаттардың Маңғыстау облысындағы еңбек дауларын Үкімет деңгейінде шешу туралы сауалына берген жауабында «Өзенмұнайгаздағы» тексерудің аралық қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Мамыр айының соңында Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев депутаттық сауал жолдап, Үкімет басшысына сұрау салған еді. Арада апта өткенде премьер-министр жауап беріп, таяуда "Өземмұнайгазда" жүргізілген тексурудің қорытындысы туралы айтқан. 

Бүгінгі таңда еңбек ұжымдарындағы жағдай тұрақты, компаниялар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тендерлік рәсімдерді өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы, мұнай сервистік компаниялардың қызметін тексеру, еңбек заңнамасын сақтау, жұмысқа орналастыру мәселелерін қамтитын талдау жүргізу мақсатында құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері кіретін жұмыс тобы  құрылды. Жұмыс тобының құрамына кіргендердің жалпы саны 120 адам. Тексеру барысында ҚМГ компаниялар тобының мұнай сервистік кәсіпорындары және «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен  шарттық қатынастары бар өзге мердігер ұйымдар қамтылды, - деді Ә.Смайылов жауабында. 

Оның айтуынша, кездесулердің нәтижелері бойынша 2995 жолданым талдаған. Сонымен бірге, олар 9 негізгі санатқа бөлініп, олардың қатарына өндіріс; сатып алу/жабдықтау; HR адами ресурстар; еңбекті қорғау; қоршаған ортаны қорғау; қаржылық, әлеуметтік мәселелер, (IR) мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл және басқалар еніп отыр.

Сондай-ақ, қазір Бас прокуратура мен жұмыс тобы аталған іс-шаралар бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бұдан бөлек, ПремьерМинистрдің өкімімен арнайы жұмыс тобы бекітілген

 

 

Автор
Новости партнеров