Әлем кубогында қазақстандық джиу-джитсу шебері жеңімпаз атанды
20-24 мамыр аралығында Бангкокта джиу-джитсудан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды Arbat.media.
Сары құрлықта өткен әлемдік додад отандасымыз Мәлік Байсұлтанов өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі төрт күн ішінде әлемнің 12 елінен жиналған спортшылар өзара кім мықтыны анықтаған мәлімдеді. Ал 62 келіге дейінгі санатта Мәлік Байсұлтанов төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түсті.
Мен 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түстім. Татамидегі қарсыластарымның бәрі «сен тұр, мен атайын» деген жігіттер. Мынадай мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығуым бірінші рет емес. Бүгін аз атымнан ғана емес, бүкіл елімнің атынан шықтым, - деді Мәліктің өзі.
Ефрейтор Байсұлтанов қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінде аға маман (аға жүргізуші) лауазымын атқарып жүр. Астана