Альдегі қар көшкінінен 13 адам қайтыс болды
Альпідегі қар көшкінінен 13 адам көз жұмды. Тау шаңғысы курорты аумағында із-түссіз кеткен бірнеше адам табылмай жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
ВВС басылымы Аустрия, Италия және Швейцариядағы курорттарда қар көшкіні жүріп, оннан астам адам көз жұмғанын жазды. Төтенше жағдайға Аустрия мен Италияның солтүстігінде орналасқан Тироль аймағына жауған қалың қар мен қатты желдің тұруы себеп болған.
Ел билігі қар көшкіні қаупінің төртінші, екінші дәрежелі деңгейіне жетуіне байланысты шаңғышыларға жолға шықпауына кеңес беріп отыр. Тау шаңғысы курортындағы қар үйіндісінің астында қалған 13 адамнан өзге тағы із-түссіз кеткендерді құтқарушылар іздестіру жұмысын жалғастырып жатыр. Қаза тапқандардың ең жасы 17 жаста болса, ең қартамысы 62 жастағы турист болған.