Айтыскер Балғынбек Имашев "аруаққа сыйыну" туралы айтқан бас мүфтиді сынға алды

2 июня 2023 г. 22:16 / Новости Казахстана

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев "аруақ" мәселесіне пікір білдірген мүфтиді жазғырып, қызметінен кетуді талап етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желіде көлдей жазда қалдырған ақын "Аруақ қолдасын" деп екі түрлі пікір білдірген бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлын айыптап отыр.  Ол қазір молда атаулы ақтап жатқан бас діни адамның әрекетін құдайға серік қосу деп бағалады.

Қазіргі діни жағдайларға байланысты жақ ашпау күнә болатыны анық. Әуелде эмоцияға салынып, артық айтып қоймау үшін үндемей, әліптің артын бақтым. Бірақ, біздің қоғам Бас Мүфтидің айыбын ашып айту былай тұрсын, молда біткен ақтап әлек. Дін тізгінін қолына алған Наурызбай Тағанұлы “Аруақ қолдасын” деген түсінікке қатысты аз уақыт ішінде екі түрлі пікір білдірді. Әуелде бұл сөз шариғат шеңберіне сыймайтынын айтты. Кейін “дінімізде оған негіз бар, шариғатқа қайшы емес” деді. Алланың қаһарына ұшырататын сөз. Өйткені, Алланың кешірмейтін күнәсі ол - Аллаға Серік қосу! - деп жазды Балғынбек Имашев. 

Бірнеше жылдан бері дінге бет бұрып, жиі сынға ұшырап жүрген ақын мүфтидің сөзін қатаң айыптаған.

Алламен қатар қандай заттан болсын жақсылық күту, пана тілеу, жәрдем сұрау - діннен шығаратын, ең ауыр күнә! Арақ ішуден де, зина жасаудан да, өсімқорлықтан да, кісі өлтіруден де ауыр! Бүкіл ҚМДБ имамдарының мүфтидің сөзі мен өзін ақтап, қорғап, жанталасып жатқаны өте үлкен қасірет! Аруаққа сыйынуды - шапағат деп, өлінің дұғасы деп, тауассул деп, ихсан деп түрлі қисынмен ақтап жатқаны Муфтидің сөзінен де жиіркенішті! Бұлар күпірдің ең үлкені Аллаға серік қосуды қолдап, ақтап, қорғап жатыр. Муфти ол сөзді түрлі себеппен айтуы мүмкін, - деп жазды ақын. 

Сонымен бірге ол мүфтиді ақтап жатқандардың әрекетінен де себеп іздеген. Сондай-ақ, өзінің діни ұстанымының да салафи-уахабилік бағытта емес екенін айрықша атаған. 

Ал Мүфтидің айтқанын түзеп, түрлі қисынмен ақтап әлек болғандардың әрекетіне қандай себеп бар? Назарбаев жаман емес дегеннің бәрін “нұрбот” деген сияқты “Аруаққа сыйынуға болмайды” дегеннің бәрін “уахаби” деп бір штамп соға салатын әдет бар. Менің ұстанымым ешқандай сәләфилік-уахабилік ұстаным емес, әкемнің айтып кеткен өсиеті. “Балам, біз коммунист болдық. Сендер тек Аллаға сыйыныңдар. Жаратушы жалғыз һәм күшті! Жаратылған көп һәм әлсіз! Көп әрі әлсізге жалбарынған жақсы ма, жалғыз әрі күштіге жалбарынған жақсы ма? Алла бәріне құдіретті әрі жеткілікті. Егер аруақтан көмек сұрасаң Аллаға зұлымдық жасағаның. Оны әлсіз әрі жеткіліксіз санағаның,” - деп өсиет айтып кеткен.
Мен 30 жыл тәрбие алған имамдарымның ішінде “аруаққа сыйынуға болады” деген бір де бір имам болмаған. Мен естіген хадис, мен оқып жүрген құран тек таухидке шақырады. Мен Ислам дінін ұстанған қарапайым мұсылман ретінде Бас Муфтидің айтқан сөзіне жауап беруін, Аллаға тәубе жасауын, жамағаттан кешірім сұрауын, және өз еркімен қызметінен кетуін талап етемін!", - деді Балғынбек Имашев. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Автор
Новости партнеров