Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
Бүгін үкімет шешімімен төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы экс-вице-министрі өзі өтініш берген. Марат Күлдіков 1967 жылы бұрығы Семей облысында дүниеге келген. Ол 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдап, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.
1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып алғашқы еңбек жолын бастады. 1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарған. 2008-2012 ж.ж. — Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басты лауазымын атқарды.
2012-2014 жылдар аралығында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, 2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі, ал 2016-2019 жылдары Р ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2019 жылдан Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып, кейін вице-министр лауазымына бекітілген болатын.