Абай облысындағы өрт кезінде 3 үй от құрсауында қалды

13 июня 2023 г. 14:15 / Новости Казахстана

Семей орманы өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев атап өтті. 

Қазіргі уақытта өрт салдарынан 3 үй, 2 техника өртенді. Иіс тиіп уланған орманшылықтың 2 қызметкерінің жағдайы жақсаруда. Жоғалған тракторшы Архиповті іздеу жалғасуда. Кеше тракторы табылды. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Н.Ұранхаев. 

Өңір әкімі мемлекет басшысының тапсырмасымен Успенск орманшылығының қаза тапқан 14 жұмысшысының отбасыларына көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. 

Бүгінгі таңда әрбір отбасына бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат аясында қажетті көмектің дербес карталары жасалды. Сонымен қатар зардап шеккендерге көмек көрсету және өрт салдарына жою үшін «Ақ Ертіс» қайырымдылық қорында есепшот ашылды. Барлық төлемдер уақытылы және толық көлемде көрсетілетін болады. Апат және оның салдарын жою жұмыстары бақылауда, - деді Нұрлан Ұранхаев.

 

Автор
Новости партнеров