Абай облысындағы өрт аумағындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды

25 мая 2023 г. 13:55 / Новости Казахстана

Төтенше Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндауынша орман өртінің жағдайы қазіргі таңда ерекше бақылауда, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылған. Өртті сөндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанына қарамастан желдің екпіні мен батпақты жерлер жұмысты қиындатып отыр. 

Қазіргі уақытта өрт шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың га құраған. Сондай-ақ, өртті сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды. 

Дегенмен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, алайда қауіпсіздік мақсатында қосымша 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланғаны белгілі болды. Тонау фактілерінің алдын алу үшін эвакуациялау орнында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылғаны да айтылды. 

Өрт аумағындағы Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланатын болды. 
 
 Қоғам

Автор
Новости партнеров