Абай облысында өрттің аумағы 1500 гектарға жетті
Абай облысының Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы кеңейіп, 1500 гектарға жетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Орман алқабында құрғақ шөп тоқтаусыз жанып жатыр. Төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланған.
Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылып отыр. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстық ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберіліп отыр.
Сондай-ақ, "Қазавиаққұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.
Өрт сөндіру кезінде бір тәулікте 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.
"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп күтіліп отыр.