Абай облысында өрт көлемі 30 мың гектарға жетті

9 июня 2023 г. 19:55 / Новости Казахстана

Абай облысындағы өрт аумағы 30 мың гектар аумаққты шарпыды, деп хабарлайды Arbat.media.

Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ-нің мәліме бойынша өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде. 

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Ал арман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы 30 000 га құрайды, деп жазды ТЖМ-нің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі   154 тоннаны құраған. 

ТЖМ министрі Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқармақ. 

«Қазгидромет» АҚ 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтілетінін мәлімдеді. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылу, күндіз 29-34 жылу, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Автор
Новости партнеров