Абай облысында өрт кезінде жоғалған тракторшының мәйіті табылды
Үш күні бұрын Абай облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданына қарасты Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Полиция іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ мәйітін тапқанын мәлімдеді.
Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайтыны айтылды.
Бұған дейін өңірдегі жанып жатқан орман өрті салдарынан 14 адам қайтыс болған еді. Соған орай 12 маусымда елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына 1800 адам жұмылдырылғаны белгілі болды.