Абай облысында өрт аумағындағы ауыл тұрғындары тасаттық берді

12 июня 2023 г. 21:17 / Новости Казахстана

Абай облысында бірнеше күннен бері жанып жатқан орман өртінен кейін ауыл тұрғындары тасаттық берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Озерки ауылының тұрғындары орман өртінің басылуы үшін жауын тілеп, тасаттық намазын оқыды. Семей іргесінде елдімекен тұрғындарының бастамасына көпшілік ниеттес екенін білдіріп, көпшілігі аталған шараға қатысқан. 

Абай ақпараттың жазуынша, тасаттық тілегендердің ниетінен кейін көпшілік осы қадамға барған. 

Әдетте, тасаттық қуаңшылық жылдары беріледі. Ұзақ уақыт бойы жауын-шашын болмаған жағдайда адамдар малды құрбандыққа шалып, тасаттық жасайды. Мұндай жағдайлардың көбінде жауын жауып жатады. 

Ал Абай облысында ұзақ уақыттан бері қарағайлы орманда пайда болған өртті ауыздықтау әзірге мүмкін болмай жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге әскерилер де жұмылдырылып, оннан астам тікұшақ берілген. 

 

Автор
Новости партнеров