Абай облысында орман өртіне бүгін 600 тонна су шашылды
Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары бойынша тартылған күштер мен құралдар 4 учаскеде өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
14 маусымда таңғы сағат 6.00-дан бері 214 рет көлемі 600 тонна су өртке төгілді. Өрт басталғалы бері барлығы 2 100 жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су шашылған.
Абай облысының әкімідігі бүгінге дейін уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 қоңырау келіп түскенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ТЖМ және ТЖД жедел желісінің 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31 нөмірлері тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болған еді. Сонымен бірге, трактор жүргізушісі орман арасында жоғалып, кейін оның өлі денесін иісшіл иттермен іздеп тапты.
Бүгін марқұм болған орманшылардың барлығына "Құрмет" ордені берілді.