Абай облысында бір адам Ертіске батып қайтыс болды

13 июля 2023 г. 20:21 / Новости Казахстана

Абай облысында мас күйінде суға түсуге барған азамат батып кетті, деп хабарлайды Arbat.media

Жазатайым оқиға екі күн бұрын Ертіс өзенінің "Пристань" қалалық жағажай ауданында болғаны анықталды. Куәгерлердің сөзінше, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған көрінеді. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болған оны дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталған.

Алайда құтқарушылар тек бір сағат өткеннен кейін ер адамның  денесін тауып алған. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. 

Қазіргі уақытта Абай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер мен полиция қызметкерлерін тарта отырып, судағы қауіпсіздік шаралары туралы халықты ескерту бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде.

Автор
Новости партнеров