Абай облысынд этномәдени бірлестік өкілдері өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке көрсетті

14 июня 2023 г. 7:30 / Новости Казахстана

Абай облысындағы орман өртіне байланысты маусымның 8-і мен 13-і аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері, Абай облыстық Достық үйлерінің қызметкерлері, түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенділер өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде 900 мыңнан астам теңге жинап берген, деп хабарлайды Arbat.Media.

 Еріктілермен этномәдени бірлестіктердің мүшелері табиғи апатқа тойтарыс беру үшін бас қосып, облыс әкімдігінің қолдауымен қажетті заттар мен бұйымдарды жинап, жеткізуді ұйымдастырған. 

 «Сібір казактары қауымы» қоғамдық ұйымы «Эйкос» ЖШС қаржылық қолдауының арқасында Талица мен Каштакқа азық-түлік жеткізіп, сол арқылы өрт сөндірушілерге қолдау көрсетсе, Православие шіркеуі мен Семейдегі «Мрія» украин мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы да өрттен зардап шеккендерге өз көмек қолын созды. 

 Қазақстан шешендері мен ингуштарының «Вайнах» қауымдастығы да шет қалмай, эвакуацияланған ауылдардың тұрғындарына барып, қазақтың дәстүрлі тағамдарын ұсынып отыр. 

 «Возрождение» немістер қауымдастығы, «Буюк Келажак» өзбек әлеуметтік-мәдени орталығы, Семей казактарының этно-мәдени орталығы, «Бокер» еврей мәдени орталығы сияқты түрлі этномәдени бірлестіктердің еріктілері де белсенді қатысты.

 Бесқарағай ауданындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Еріктілер қозғалысы» орталығы өртпен күресіп жатқандардың барлығына қолдау көрсетіп жатқаны айтылды.  Бұл жағдайды шешуде әрбір  адамның үлесі маңызды рөл атқарады дейді өңір әкімдігінің мамандары.

 Өрттен зардап шеккендерге Жарма ауданының тұрғындары көмек көрсетті.  Алғашқы күннен бастап мекеме, ұйымдар, кәсіпкерлер мен жастар қаражат, азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды жинауға белсене кіріскен.  Кеше облыстық Жастар орталығының директоры Н.Зайырбеков еріктілердің көмегімен жиналған гуманитарлық көмекті Бородулиха ауданының тұрғындарына табыстады. 

Автор
Новости партнеров