2022 жылы қызмет бабында қайтыс болған журналистер саны көбейді - БҰҰ
БҰҰ өткен жылы әлем бойынша қызмет барысында өлтірілген журналистер саны көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Deutsche Welle 2022 жылы әлемде 86 журналист көз жұмғанын өз есебінде мысалға келтірді. Оның ішінде 19 журналистің өлімі Мексика елінде болған. Сонымен бірге, 10 журналист Украинада қаза тапса, 9-ы Гаити елінде о дүниеге аттанған.
ЮНЕСКО-ның дерегінше, 2019-2021 жылдары әлем бойынша орташа есеппен 58 журналист өлтірілген көрінеді. 2021 жылдың өзінде 55 БАҚ өкілі қаза тапқан. Ал 2018жылы 99 журналист бақиға аттанған.
ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле 2022 жылы өлтірілген журналистер санына қатысты дабыл қағатын жайт екенін айтып отыр.
Билік бұл қылмыстарды тоқтату керек және кінәлілердің сотталуы үшін екі есе күш арттыру керек. Өйткені мұндай істерге немқұрайлылық таныту журналистер өлімінің басты факторы болып табылады, - деді ол.
Айта кетерлік бір жайт, 2022 жылы марқұм болған журналистердің 4/3 бөлігі бейбіт елдерде бақилық болған. Бұлардың жартысынан астам Латын елдерінде алуы да алаңдаушылық тудырып отыр. БАҚ өкілдерінің өлімінің кейбір себептері ұйымдасқан қылмыстық, қарулы қақтығыстарды немесе экстремизмнің өсуі туралы ақпарат таратумен байланысты болып отыр. Олардың кейбірі сыбайлас жемқорлық, экологиялық қылмыстар, билікті асыра пайдалану және наразылық сияқты тақырыптарды БАҚбеттерінде жариялағаны үшін қайтыс болғаны анықталған.
Өткен жылы қайтыс болған журналистердің басым көпшілігіне жұмыстан тыс кезде шабуыл жасалған. Тағы бірі саяхаттау кезінде, автотұрақта, қоғамдық орында және өз үйлерінде көз жұмған.