2022 жылы елімізде 130 мыңнан астам адам бақилық болды
31 мая 2023 г. 15:51 / Новости Казахстана
Қазақстанда 2022 жылы 133,5 мың адам қайтыс болды. 2021 жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 26,9%-ға азайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінде, бұл көрсеткіш 2021 жылы 182,4 мың адамды құраған. Жалпы қайтыс болғандардың 62,4% 63 және одан жоғары жастағылар.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,63), Шығыс Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,58) және Қостанай облыстарында (1000 адамға шаққанда 10,65) байқалды, бұл осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланысты болды. Сондай-ақ, 2022 жылы өлім-жітімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің аурулары – 22,7%, ісік – 10,4%, тыныс алу органдарының аурулары – 9,8%, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттар – 8,4% және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8% құрады, - деп жазылған бюро мәліметінде.
Сондай-ақ, былтыр 1 жасқа толмаған 3154 нәресте қайтыс болған, нәресте өлімі 1000 тірі туғанға шаққанда 7,68 шамасында боды. Ал 2021 жылы 3732 нәрестенің демі үзілді.
16 декабря 2025 г. 11:22 / Новости Казахстана
В Казахстане объявлено штормовое предупреждение: снег, метель и ветер до 28 м/с
16 декабря 2025 г. 8:47 / Новости Казахстана
Токаев поздравил казахстанцев с Днём независимости: "Независимость превыше всего"
15 декабря 2025 г. 18:50 / Новости Казахстана
Суд Казахстана выдворяет 16-летнего россиянина, сбежавшего из-за антивоенных взглядов
15 декабря 2025 г. 17:47 / Новости Казахстана
Министерство и Kundelik опровергли утечку данных школьников
15 декабря 2025 г. 17:15 / Новости Казахстана
Инфляция 12,9% и ставка 18%: Казахстан платит за рекордный рост экономики
15 декабря 2025 г. 16:37 / Новости Казахстана