10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
Алматы облыстық ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа таяуда сот үкімі шыққаннан кейін ол апелляцияға шағым берген, деп хабарлайды Arbat.media.
Жетісу облыстық соты Алматы облыстық ПД-нің бұрынғы басшысы үкіммен келіспей, қарсы шағым түсірген.
Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусымда сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотының ғимаратында қаралады, - деп жазылған сот мәліметінде.
Бұған дейін Серік Күдебаевтың он жылға сотталғаны туралы үкім жария болған еді. Сот кезінде Серік Күдебаев қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашып кеткен болатын. Кейін оны полиция ұстап, елге жеткізді. Ал осыдан кейін оны ұлы әкесінің өз еркімен елге оралғанын бейнежазба арқылы мәлімдеді.
Кейін Қырғызстанда Серік Күдебаевтың қашуына көмектескен бірнеше адам қамауға алынды. Олар Қазақстан-Қырғызстан шекарасында Күдебаевтың заңсыз кесіп өтуіне жол берген.