Зеленский Украина қалаларын басқыншылардан азат етуге уәде берді
Зеленский Мелитопольді және Украинаның басқа да қалаларын басқыншылардан азат етуге уәде берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Бізге әр адам маңызды. Әр қала маңызды. Украина мен Ресей арасындағы шекара саяси картадағы тек анық мемлекеттік шекара емес, сонымен бірге адамның жан-дүниесіндегі шекара. Украиндар бұзып-жармайды, олар қалпына келтіреді. Украиндар басып алмайды - азат етеді. Украиндар өзгені тартып алуға бармайды, өзінікін қайтарады», - деп жазды Қала күніне орай Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-да.
Қазір Ресей басып алған Мариуполь мен Мелитополь туралы айта отырып, Зеленский: "Мариуполь Украинада мекндейді. Біз Мелитопольді азат етеміз. Әрбір қаламыздың тезірек жеңіске жетуін тілеймін! Біз бұл үшін бәрін жасаймыз!"
@dwglavnoe