Жапонияда халық саны азайып барады

1 сентября 2023 г. 11:51 / Мир

Жапония халқының саны былтыр 801 мың адамға азайған екен, бұл 1968 жылдан бері бүкіл 47 префектурада тіркелгендердің ел тарихындағы барынша төмендеуін көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жапонияда туған балалар 2023 жылдың қаңтар-маусымында былтырмен салыстырғанда 3,6%-ға азайған. Бұған Жапонияда туған шетелдіктердің балалары да кіреді.

Енді жапон билігі демографиялық үрдісті жою шараларын мықтап  қолға алып жатыр.

Биыл сәуір айында Жапония премьер-министрінің жетекшілігімен Балалар мен отбасы жөніндегі жаңа агенттік құрылды.

Жаңа департамент туу көрсеткішіне және балаларға зорлық-зомбылық пен кедейшілікке қарсы күреспен айналысады.

Фумио Кисида басқаратын министрлер кабинеті алдағы үш жылда бала күтіміне жұмсалатын жыл сайынғы шығынды келесі жылдан бастап 25 миллиард долларға арттырмақшы.

Ал ұлттық демографиялық зерттеулер және әлеуметтік қамсыздандыру институты 2070 жылға қарай Жапонияда туу көрсеткіші 500 мыңға дейін төмендеуі мүмкін дейді.

 

Новости партнеров