Украина ашулы: РФ мен Беларусь елшілерін Нобель сыйлығына шақырды

2 сентября 2023 г. 12:10 / Мир

Украинаның сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының елшілерін Нобель сыйлығына шақырғанына қатқыл жауап қатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылғы Нобель сыйлығына Ресей Федерациясы мен Беларусь елшілері шақырылды. Өткен жылы бұлай істемеген.

Нобель қоры өз шешімін Нобель сыйлығының құндылығын бөліспейтіндердің де санасына жеткізу ниетімен түсіндірді.
Бұндай «ниет» Украинада айыпталып жатыр. 1 қыркүйекте елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Олег Николенко өзінің Facebook парақшасында қатқыл жазба жариялады.

"Ресей мен Беларуссияға гуманизм құндылықтарын дәлелдеу — зая кеткен еңбекпен тең. Нәтижесіз тыраштану. Сірә, Ресей елшісі шыттай киініп Стокгольм концерт-холында отырғанда кезде, олардың армиясы оккупацияланған Украина аумақтарында өзінің кезекті әскери қылмыстарын жасап, ал ресейлік зымырандар Украина қалаларындағы тұрғын үйлерді кезекті рет жойып жататын болар.


Шақыру Кремльдің жазасызбыз деген сезімін арттырып, жаңа қылмыстарға жол ашады. «Біз ұйымдастыру комитетін Ресей мен Беларусьті оқшаулауға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдауға шақырамыз», - деп жазды Николенко.

 

Новости партнеров